KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ресейден қазақ тарихына қатысты мәліметтері бар қолжазба табылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

13.10.2024, 20:00 86 Назерке Каримова

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

- Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген, - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.


Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу