KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 5 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қазақстандықтарды қаржылық сауаттылығын тексеруге шақырады

9.10.2025, 19:00 161

Олимпиада чемпионы, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова шығысқазақстандықтарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен 2025 жылғы 10-20 қазанда өтетін қаржы қауіпсіздігі жөніндегі республикалық диктантқа белсенді қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі диктантқа кең ауқымды аудитория қатыса алатындығын жеткізді. Атап айтқанда, 6–11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, барлық саладағы жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қаржылық мониторинг субъектілері.

Өткізу форматы:
Іс-шара онлайн форматта 20 сұрақтан тұратын тест түрінде ұйымдастырылады:
* Өту уақыты – 25 минутқа дейін
* Тапсыру саны – шектеусіз
* Платформа – AML Академиясының сайты: https://amlacademy.kz/finiq

Нәтижелер және марапаттар
- Дұрыс жауаптардың кемінде 50%-ын (10 және одан көп) жинаған қатысушыларға Қатысушы сертификаты табысталады.
- 80% және одан да көп (16 және одан көп) дұрыс жауап бергендер Жеңімпаз дипломына ие болады.
- Әр өңірде диплом алған алғашқы 10 жеңімпаз естелік сыйлықтармен марапатталады.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу