KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

Қарақұмық пен қанттың бағасы қай өңірлерде төмендеді?

Фото: Life09

22.12.2023, 12:16 110

Тиімсіз делдалдар жойылып, сатып алу бағалары қайта қаралғаннан кейін Қаржылық мониторинг агенттігі бағаның төмендеуіне қол жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, еліміздің бес өңірінде бірінші қажеттіліктегі әлеуметтік тауарлардың бағасы айтарлықтай төмендеді. 

Шығыс Қазақстан облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті оқу орындарында алдағы жылға арналған қарақұмық пен қантты сатып алу бағасын қайта қарау туралы бастама көтерді. 

Облыста орташа алғанда өнімнің құны 30%-ға төмендеді. Атап айтқанда,  қарақұмық – 35%-ға, яғни 625-тен 420 теңгеге дейін; қант - 20%-ға, яғни 536-дан 435 теңгеге дейін. 

Сол сияқты Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жеткізушілер қатарынан тиімсіз делдалдар жойылғаннан кейін қарақұмық бағасы 25-40% дейін төмендесе, Ақмола және Қызылорда облыстарында көтерме саудасындағы екі жеткізуші қант пен ұнның сауда үстемесін үнемі асырып жібергені үшін жауапқа тартылып, бұл бағаның 15%-ға төмендеуіне әкелді.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив