KZ
Өскемен
-5°
туман жел 1 м/с, СБ
508.3 592.17 6.63

Қазақстан тарихында тұңғыш рет қала әкімінің сайлауы өтеді

10.10.2025, 17:30 187 Базарова Айгүл

Семей – Алаштың алғашқы астанасы. Қасиетті өлкеде ертең – тарихи күн.  Қазақстандағы тұңғыш қала әкімін тікелей сайлау науқаны өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
 
Сайлау алдындағы дайындық барысымен танысу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жастармен кездесу мақсатында Семейге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келді.

Ол Семей қаласы әкімін сайлауға дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар басшыларымен жиын өткізіп, дайындық деңгейіне оң бағасын берді.

«12 қазан – еліміздің саяси өміріндегі маңызды күн. Бұл – облыс орталығы әкімін халық тікелей сайлайтын алғашқы тарихи қадам. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асқан конституциялық реформа шеңберіндегі демократиялық жаңғырудың айқын көрінісі және азаматтардың жергілікті деңгейде маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуын кеңейтуге бағытталған маңызды бет бұрыс. Мұндай сайлаулардың өтуі — халықтың билікке деген сенімін арттырып, азаматтардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров.

12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауларын жасайды. Қазіргі таңда Семей қаласында 128 сайлау учаскесі құрылып, олар толық дайындық үстінде. Оның ішінде 110-ы ашық, 18-і жабық учаске. Сайлау процесін ұйымдастыруға 929 адамнан тұратын учаскелік комиссиялар тартылған. Сайлауға шамамен 220 мың сайлаушы қатысады деп күтілуде.



Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу