KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы дебаты 11 қарашада өтеді

22.10.2022, 10:41 2 298
11 қарашада "Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы дебаты өтеді.

Бұл туралы жұма күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Кеше сағат 18.00-де мемлекет басшысы лауазымына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты, Мейрам Қажыкенді, Жигули Дайрабаевты, Нұрлан Әуесбаевты, Қарақат Әбденді, Салтанат Тұрысбекованы тіркеді.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу