Серебрянск қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді
Жалпы биыл Алтай ауданында 284,4 млн теңгеге жылу көздерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Жаңа Бұқтырма кентінде жалпы құны 9,2 млрд теңгені құрайтын квартал ішілік жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Серебрянск қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді», – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін облыстық бюджеттен отын сатып алуға 414 млн теңге қарастырылған.
Облыс басшысы аудан әкіміне Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, 2025–2026 жылғы жылыту маусымының сапалы өтуін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Ауданда барлығы бес қазандық бар. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне 2441 нысан қосылған.
Айым Касембаева
Айдос Мырзахметов
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз

