Қыс қамы: Риддердің дайындығы толық бақылауға алынған
Фото: dzen.ru
Риддер ЖЭО-ны жылыту маусымына сапалы дайындау үшін биыл жалпы сомасы 8,6 млрд теңгенің жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Бүгінде қазандық агрегаттарын жөндеу 75%-ға, жылу желілерін жөндеу 90%-ға орындалып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтсақ, былтырғы жөндеу науқанында қамтылмаған қазандық агрегаттары мен турбогенераторларды жөндеуге 5,5 млрд теңге, 19 км жылу желілерін жөндеуге 2,7 млрд теңге, ОРУ-ды қайта құруға 280 млн теңге, күл шығаруға 77 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлімдеді.
Осы жылға көзделген барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланған, жұмыстар тұрақты бақылануда.