KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Депутаттар ШҚО-да жылыту маусымына дайындықты бақылайтын болады

20.09.2024, 19:30 169 Қуаныш Рахметоллаұлы

Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық белгіленген жоспарларға сәйкес өтуде. Риддердегі ЖЭО-да барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын жылу беруге дайын. Қазандық агрегаттарын іске қосу және жылу желілерінде опрессовка жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға және жөндеуге барлығы 27,8 млрд. теңге қарастырылған, бұл өткен жылғыдан 5,3 млрд. теңгеге көп екенін Шығыс Қазақтан облыстық мәслихатының кезекті XVI сессиясынды өңір басшысы айтып өтті.  Сонымен қатар, Ермек Көшербаев Риддерден кейін жылумен жабдықтауда елеулі проблемалар бар келесі елді мекен Жаңа Бұқтырма кенті екенін жеткізді.

“Осы мәселені шешу үшін біз кентте жылумен қамту желілерін қайта жаңартудың 1 кезегін аяқтап, 2 кезегін бастадық. Жылыту маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету, Өскемен, Риддер, Алтай, Шемонаиха, Серебрянск қалаларына, Жаңа Бұқтырма, Қасым Қайсенов кентіне, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарына ерекше көңіл бөлінуін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  басшысына, қалалар мен аудандар әкімдеріне жіті тапсырамын”, деді өңір басшысы.

Алдағы уақытта депуттатар жұмыс тобын құрып, барлық жылумен қамту нысандарын аралап, қазандықтар мен жылу желілерінің жай-күйін біліп қайтпақ ниетте.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу