KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 3 м/с, В
513.55 602.09 6.42

Күршімде 6 қазандық толық жұмыс істейтін болады

15.08.2025, 11:50 219 Айдос Мырзахметов

Көп пәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мәселесі облыс басшылығының ерекше бақылауында. Күршім халқымен кездескен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның жылумен қамту жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күршім ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды орталық жылу жүйесіне қосу үшін жыл сайын жылу көздері мен жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп келеді. 2023 жылдан бері бұл мақсатқа бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген.

Бүгінде орталық жылу жүйесіне 8 көп пәтерлі тұрғын үй (170 пәтер) және 8 әлеуметтік нысан қосылған. Биыл қазандық пен жылу желілерін қайта жаңарту бойынша 3 жобаны жалғастыруға облыстық бюджеттен 220,2 млн теңге бөлінді.

– Бұдан бөлек, Күршім ауылында жылу желілері бар, бірақ қазір жұмыс істемейтін №6 қазандық бар. Оның жұмысын қалпына келтіру үшін 286,5 млн теңгеге қайта жаңарту қажет. Бұл жоба іске асса, орталық жылу жүйесіне қосымша 8 көп пәтерлі тұрғын үй мен 3 әкімшілік ғимарат қосылатын болады, – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу