KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

Қос азаматтық үшін ШҚО-да 40-астам азаматқа айыппұл салынды

28.06.2021, 10:41 224

Жарты жыл ішінде 500-ден астам адам Қазақстан азаматтығын жоғалтқан.

Көбінде тұлғалар Ресей Федерациясы, Германия және Қырғыстан Республикасы азаматтығын қабылдаған тұлғалар.

Сонымен қатар, қос азаматтық үшін 40 адам оның ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 10 адам, Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке куәлікті пайдаланғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Маусым айының ортасында Көші-қон қызметі қызметкерлері Риддер қаласының тұрғынын анықтады, ол 2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Алайда, өзі Риддер қаласында тұрып мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Заңнаманы елемеген. Ербол Бекпаев тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп айтып өтті, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқандығы туралы тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын естеріңізге салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив