KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да есірткіні насихаттаған "өнерлі" жастар ұсталды

2.06.2021, 16:26 123

Тұрғын үйлердің сыртына есірткіні жеткізіп беретін интернет-дүкен сайттарының аттарын жазу үшін Алтай ауданы, Серебрянск қаласына арнайы келген Семей қаласының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Олар тұрғындардың көзіне түспеу үшін үйлерге сайт атауларын түннің бір уағында келіп, жазған. Полиция қызметкерлері жарнама жасаушыларды қылмыс үстінде ұстады, сондай-ақ, бояу баллондары да тәркіленді.

Ұсталғандардың айтуы бойынша, осындай граффити-суреттерді жазғандары үшін оларға әлеуметтік желі арқылы сөйлескен белгісіз тұлғалар белгілі бір соманы төлеуге уәде еткен. Енді табыстың орнына оларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төніп тұр.

- Ұсталған тұлғалардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша сараланды, яғни бұл есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау болып табылады, аталған қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - дейді ШҚО Полиция департаментінің   бастығы Сағат Мадиев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу