Есірткі жарнамалайтын граффити-жазба көрсеңіз, "102-ге" хабарласыңыз...
ШҚО Полиция департаменті мамандары облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін құбылыстардан тыс қалмауға, әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмысымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақыруда.
- Психотроптық заттарды сатудың байланыссыз сызбасы бар. Яғни, есірткіні граффити суреттері арқылы жарнамалайды. Өткен жылы есірткі жарнамасы бар 280-нен астам, осы жылдың басынан бастап 30-дан астам граффити жазбалары анықталып, боялған, - делінген ПД-ның ақпаратында.
Биылғы жылы ҚР Қылмыстық кодексіне ҚР ҚК 299-1 бабы бойынша есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін жауапкершілікті қарастыратын өзгерістер енгізілді. Ол бойынша жыл басынан бері есірткіні таратқаны үшін Өскемен қаласының екі тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, есірткіні граффити арқылы жаранмаласа немесе оны түсірумен айналысатын адамдар анықталса, 8(7232) 26-42-76 немесе 8-705-447-76-32 WhatsApp нөміріне хабарлаңыз, - деп хабарлайды полицейлер.