ТЖД мереке қарсаңында шығысқазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі туралы еске салды
Өткен жылы Шығыс Қазақстанда 1800-ден астам өрт тіркелді. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасы бастығының мәліметінше, биыл өрт кезінде барлығы 52 адам қаза тапты, оның 12-сі улы газдан қайтыс болды. 47 адам жарақат алды. Тек 3 күннің ішінде, 7-10 желтоқсан аралығында өрт салдарынан 4 адам қаза тапты.
- Оқиға Алтай, Жарма, Глубокое аудандарында және Семей қаласында тіркелді. Өрттің негізгі себептері пеш жабдықтары мен электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, электр желілерін шамадан тыс жүктеу, сондай-ақ отты абайсыз пайдалану болды.
Осыған байланысты, мереке қарсаңында тұрғындарға пештердің мұржалары мен құдықтарын уақтылы тазалау, жылыту және кептіру үшін пештің үстіне заттар қоймау, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу және ақаулы электр жабдықтарын пайдаланбау қажеттігін еске салғым келеді. Бұл өрттің шығу жағдайларын азайтады, - деді ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев.