"Менің сүйікті үй жануарым" атты фотокөрме өтті – Глубокое
Қазір ауданның барлық мектептері оқу және тәрбие жұмыстарын қашықтықтан жүргізуде. Ал олардың жұмыстарының нәтижесін әлеуметтік желілерден көруге болады.
Қазіргі кезде мектептің қоғамдық өмірі толықтай инстаграм парақшаларында жарияланып, кез келген адамға қол жетімді.
Мысалы, 23-27 қараша аралығында Прогресс орта мектебінде "Менің сүйікті үй жануарым" суреттер фотокөрмесі өтті.
70-тен астам оқушы қатысқан фотокөрме өте қызықты болды. Сүйікті жануарлардың фотосуреттеріне түсініктеме бере отырып, балалар өз тәжірибелерімен бөлісті, оларды қалай жақсы көретіндерін жеткізді.
Олар лақап аттарын таңдау кезеңі жайлы егжей-тегжейлі сипаттап, үй жануарларының ішінен неліктен осы жануарды таңдағандарын түсіндірді.
Біреудің сүйікті үй жануары ит, мысық болса, енді бірі үйдінде қоян, тотықұс, тіпті ауласында құлын ұстап, баптайды екен.
Өкінішке орай, әлемде жануарларға қиянат жасаудың көптеген мысалдарына куәміз. Балалар басқалардың қайғысына бей-жай қарамауы үшін мұндай іс-шараларды қашықтықтан жүргізу пайдалы және тиімді. Онымен қоса, бұл өскелең ұрпақты компьютерлік ойындардан басқа ештеңе қызықтырмайды деген пікірді бұзуға мүмкіндік береді.