KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

30.07.2022, 07:56 298
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігімен келісілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шапағатов Манарбек 1975 жылғы 3 ақпанда Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.

Білімі:

1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы – өрт қауіпсіздік инженері.

Еңбек өтілі:

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда қызмет атқаржы. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу