KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да автокөлік иелері "VIP" нөмірлерге 185 млн теңге жұмсады

22.02.2022, 16:42 164

Шығысқазақстандық автокөлік иелері 2021 жылы VIP-нөмірлерге 185 млн теңге жұмсады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс тұрғындары өткен жылдан бері сұранысы жоғары нөмірлерді жиі сатып ала бастаған. 2020 жылы Семей қаласы бойынша 207 нөмір, ал 2021 жылы 298 нөмір сатып алынған. Сол сияқты облыс орталығы Өскеменде 2020 жылы - 175 нөмір, ал 2021 жылы 411 нөмір сатып алынды.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметі бойынша, ШҚО 7-орында, 709 нөмір алынған. VIP-нөмірлерге ең көп жұмсағандар алматылықтар, өткен жылы – 2,2 млрд теңге сомасына 6 882 нөмір сатылды. Екінші орында Шымкенттің автоәуесқойлары – 818 млн теңгеге 3 190 нөмір және Нұр-сұлтан қаласы бойынша 667 млн теңгеге 2 231 нөмірмен көш бастап тұр.

VIP нөмірлерге ең аз сұраныс - Солтүстік Қазақстан облысында. Онда өткен жылы 45 млн теңге сомаға жоғары сұраныстағы 169 нөмір ғана сатып алынды.

Айта кету керек, VIP нөмірлердің құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты және 174 591-ден 872 955 теңгеге дейін өзгереді.

Бұған қоса, мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды немесе сата алмайды. Автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін арнайы бағамен 6 айға дейін сақтай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу