KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

ШҚО әкімі өңір жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2022, 10:00 706 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ұлық мерекеге орай өңір жұртшылығына құттықтау лебізін жеткізді.

Аймақ басшысы елдік үшін күрескен ерлердің есімін естен шығармау керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Бүгін еліміз ең ұлық мерекелердің бірі-Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бұл демократиялық және экономикалық дамудың, ізгілік пен бостандықтың салтанат құруымен сипатталатын мереке. Тәуелсіздік жылдары егемендіктің көк туы биікте желбіреп, әлем таныған мемлекет құра білдік. Өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, тарихымызды құрметтей білетін елміз. Сондықтан елдік пен тәуелсіздік үшін күресе білген есімдерді естен шығармауымыз қажет. Өйткені олар Қазақстанның заманауи тарихының биік тарландары. Ел дамуын одан әрі ілгерлету, азаматттардың әл-ауқатының артуы үшін бірлесіп еңбек етіп, мықты мемлекет құруға бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Бұл - ортақ мақсат. Біз болашаққа сеніммен қараймыз және ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алға қойған барлық мақсат-міндеттерге қол жеткізуге дайынбыз. Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен келісім тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» - деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив