Оралхан Бөкейдің шығармаларын енді электронды кітапханадан оқуға болады
Алтайдың «Кербұғысы» атанған жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларын қалың оқырман электронды кітапханадан оқып жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оралхан Бөкейдің атындағы жалғыз кітапхана жазушының бүкіл шығармаларын топтастырып, Bokey. kz- электронды кітапханасына жүктеді.
- Электронды кітапхананың ерекшелігі – Оралхан кітаптарын қазақ, ағылшын, қырғыз, парсы, болгар, эстон, словак, орыс тілдерінде бүкіл әлем оқырмандары виртуалды оқи алады. Электронды кітапхана екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде құрылған, - деп түсіндірді кітапхана қызметкерлері.
Виртуалды кітапханаға жазушының шығармаларымен бірге, ата-тек тарихы, өмірбаяны, мұрағат қорында сақталған деректер, қолтаңбалары мен қолжазбалары, күнделік жазбалары, фотосуреттері жинақталған. Сонымен қатар, жазушының замандастары мен қаламдастарының Оралхан туралы естеліктері де осында.