Облыс аумағында қалың тұман
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде қалың тұман күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты жүргізушілерге жолда аса мұқият болу, жылдамдық режимін қатаң сақтау және қауіпсіздік талаптарын ескеру ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын қабылдауы қажет.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласу керек.
Оқи отырыңыз