Бүгін Өскеменде оқушылар қашықтықтан оқиды
Altainews.kz
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың 2 дәрежесі үшінші күн қатарынан сақталуына байланысты 2026 жылғы 30 қаңтарда Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 1 және 2 ауысымында оқитын оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Altainews.kz.
ШҚО білім басқармасы мәліметі бойынша тиісті шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райының әсерін азайту мақсатында қабылданды. Сабақтар онлайн форматта ұйымдастырылып, білім беру процесі қолданыстағы кестеге сәйкес жалғасады.
Ата-аналар мен оқушылардан қашықтықтан оқыту талаптарын сақтап, оқу платформалары арқылы берілетін тапсырмаларды уақтылы орындау сұралады.