Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді
2026 жылғы 31 қаңтардан бастап біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа ережелерге сәйкес зейнетақы жинақтарының артығы тек негізгі қарызды өтеуге бағытталады. Ал ипотека бойынша сыйақы мен басқа да төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді. Бұдан былай БЗТ арқылы ай сайынғы төлемді толық өтеу мүмкін болмайды.
Қызметтерді жаңа талаптарға бейімдеу үшін enpf-otbasy.kz платформасында өтінім қабылдау 2026 жылғы 30 қаңтардан 2 наурызға дейін уақытша тоқтатылады. 30 қаңтарға дейін берілген өтінімдер бұрынғы тәртіппен қаралады.