KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Шекара маңындағы ауылдар ұялы байланысқа қол жеткізеді - ШҚО

Фото: ашық дереккөз

24.05.2023, 09:46 386

Amanat партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жайы талқыланды.

Бұл жайында ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Ахметова Зайсан, Тарбағатай аудандарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуы бойынша баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Зайсан және Тарбағатай аудандарының шекаралас ауылдарын сапалы интернетпен қамту – өзекті мәселе. Зайсан ауданының 8, Тарбағатай ауданының 6 ауылы жыл соңына дейін ұялы байланыспен қамтылады, – деді  ол.

Шекаралық адандардағы ұялы байланысты жақсарту мәселесін партия әрдайым назарда ұстайтын болады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив