14 елді мекенде сапалы ұялы байланыс болады – ШҚО

көрнекі сурет
2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданындағы 8, Тарбағатай ауданындағы 6 елді мекенде сапалы ұялы байланыс болады.
Бұл туралы AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Зайсан және Тарбағатай аудандарының шекарадағы елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Мәселен, Зайсандағы 33 ауыл талшықты-оптикалық немесе мыс байланыс желілері бойынша интернетке тіркелген. 2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданы бойынша 8 елді мекен, Тарбағатай ауданы бойынша 6 елді мекен ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелері шеңберінде интернетпен қамтамасыз етіледі, – деді цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Ахметова.
Оқи отырыңыз