KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Зайсан және Тарбағатай аудандарында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

1.03.2022, 07:44 135

ҚМДБ жариялаған «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Зайсан аудандық мешіті жамағат арасында мергендік сайысын өткізіп, садақ аттырса, тарбағатайлықтар тай жарыстырды.

Қос ауданның жамағаты екі сайысқа да белсенді қатысып, үздіктер арнайы марапатталды.

 «Бұл шара мешіт жамағаттарының ынтымағын арттыру, оларды басқа жамағаттарға үлгі ету, асыл дініміздегі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр» десе, ұлттық спортты насихаттау мақсатында тай жарысын ұйымдастырған Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты дейді, - дейді мергендер сайысы жайында Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Нұрболат Әметұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив