KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да мұз үстімен мал айдап өтпек болған азаматты іздестіріп жатыр

Шартты сурет: Freepik

5.04.2024, 00:24 161 Оразай Жеңісұлы

Бұқтырма өзенімен мал айдап өтпек болған Катонқарағай ауданының тұрғыны іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Учаскелік полиция инспекторы мен Жамбыл ауылдық округі әкімінің ақпараты бойынша, 1956 жылы туған Туысқан Бердімұратов есімді азамат Берел ауылының тұрғыны. Ол әкімдіктің және төтенше жағдай қызметінің бірнеше рет хабарлаған ескертуіне қарамастан, өзеннен мал айдап өтпек болған. Сол кезде мұз ойылып, азамат атымен бірге суға батып кетуі мүмкін деген болжам бар. Астындағы аты өлі табылды. Иесін іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Осы орайда жауапты орындар аймақ тұрғындарын көктемгі тасқын кезіндегі абайсызда болған кез келген әрекет адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив