KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

ШҚО-да 16 жастағы жасөспірім аттан құлап, өзенге ағып кетті

4.05.2019, 04:55 108

Қайғылы оқиға Аягөз ауданында болған.  Аягөз өзені арқылы малды айдап өтпек болған 16 жастағы жасөспірім аттан ауып, суға құлаған. Қатты ағыс оның денесін ағызып әкетіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баланың денесін төтенше жағдай өкілдері мен сақшылар бірнеше сағат бойы түнге дейін іздеген. Мәйіт оқиға болған орыннан 50 метрдей жерден табылған.  

Құтқарушылар малшыларға өзен тасып жатқан кезде ағысы қатты жерлерден өтпеуді ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив