ШҚО-да өзеннен өтпек болған ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға 17 маусымда Риддер қаласында болды. Өзенді кесіп өтпек болған ер адам суға кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ер адам онлайн-картадан көрген өзенді табу үшін тауға шығыпты. Кешке қарай шатыр құрып, таңертең ары қарай жолын жалғастырған. Громатуха өзенін кесіп өтпек болған ол қатты ағысқа төтеп бере алмаған екен.
Ер адамның мәйітін құтқарушылар 20 маусымда бірақ тапты.
Оқи отырыңыз