Курчатов әкімі: "АЭС салынса, бизнес, құрылыс, қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік берер еді"
Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский баспасөз концеренциясында Курчатовтың Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы үшін ең қолайлы алаң ретінде бірнеше рет қарастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Ақпарат орталығы АКҚ-ға сілтеме жасап.
Қала әкімінің айтуынша, Курчатов ең жоғары қауіпсіздік пен тиімділік деңгейіндегі жобаларды қамтамасыз ету үшін қажет. Ол сондай-ақ Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға атом станциясы қажет болғандықтан, АЭС салу мәселесін егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт келді деп мәлімдеді.
– Бұл мәселе қазақстанда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда алдағы онжылдықта электр энергиясының тапшылығы болжануда. Сондықтан, Президенттің айтуынша, республика атом энергетикасына мұқтаж, - деді Алексей Глазинский. - Мемлекеттік қызметші ретінде емес, Курчатов қаласының қарапайым тұрғыны ретінде өз пікірімді айтқым келеді. Егер біздің қаламызды Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысы үшін орталық ретінде таңдаса, бұл қалаға екінші өмірге дем беріп, бизнес, құрылыс, қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік берер еді. Курчатов қаласына жаңа халықты тартар еді. Сондай-ақ, қаланы және жалпы Шығыс Қазақстанды экономикалық дамуына серпін берер еді.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын республиканың энергетикалық картасын зерттеу, өнеркәсіпті дамытудың ықтимал перспективалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда АЭС құрылысын негіздеу үшін техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізілді. АЭС салу мүмкіндігі үшін Курчатов, Ақтау және Балқаш күресті. Сарапшылар бұл алаңдарға МАГАТЭ-нің арнайы шкаласы бойынша баға берді. Нәтижесінде Курчатовтың өз аумағында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу мүмкіндігі басқа үміткер қалаларға қарағанда жоғары болды.