KZ
Өскемен
-4°
снегопад жел 8 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

Вагон да, автобус саны да артады. Алакөлдің шығыс жағалауы демалушыларды күтеді

5.06.2021, 15:35 181

Маусымның ортасында Алакөлге Алматыдан екі жаңа пойыз бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Ал Семей мен Өскеменде демалыс аймағына жүретін поездарда вагон саны артады. Ең басты мақсат – көлік қатынасын қолжетімді ету.

Әсіресе, Өскемен мен Үржар әуежайлары қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты жабылған кезде бұл туристер үшін ауадай қажет. Алакөлдің жағалауы пандемияға дейін бір маусымда жарты миллионнан астам адамды қабылдайтын. Өткен жылы бұл сан 40 мыңға төмендеді. Соған қарамастан, бұл – адамдар ең көп баратын демалыс аймағы. Ал жаңа маусымда әуежайлар жөндеу жұмыстарына орай жабылып, демалыс орнына туристер қалай барады деген мәселе туындады.

Аймақ оны пойыздардың санын көбейту арқылы шешті. Вагондардың саны 10-нан 15-ке артты.

– Пойыздың бағасы қазіргі уақытта былтырғымен өзгерген жоқ. 3780 теңгені құрады. Бұл бағыт әлеуметтік болып табылады. Бағасы халыққа қолжетімді. Былтырғы жылы осы әлеуметтік бағытты қолдау үшін облыстық бюджеттен 133 миллион теңге бөлінетін болса, биыл қосымша тағы 5 вагон қосылды. Сонымен бірге оның құны 193 миллион теңгені құрады, - дейді ШҚО автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының жетекшісі Нұржан Жұмәділов.

Сарапшылар арнайы талдау жасаған. Белгілі болғандай, Алакөлге келетіндердің үштен бір бөлігі – Алматы қаласымен Алматы облысынан екен. Сондықтан бұл бағыт ерекше бақылауда болады. Әзірге Жалаңашкөл станциясына дейін 8 вагонды пойыздар жүріп тұр.

– Облыс әкімдігімен Үкіметке ұсыныстар енгізілген болатын. Біріншісі – қазір жүріп жатқан 8 вагонды 2 есе көбейту. Сонымен қатар жаңа пойыз жіберу. Бұл пойыз 18 маусымнан бастап жүргізілетін болды, - дейді  ШҚО туризм және ішкі байланыс басқармасының басшысы: Марат Қабақов.


Дәл сол күні 12 вагоны бар жекеменшік пойыз жолға шығады. Бұған қоса аймақта Алакөлге жүретін автобустар саны 2 есеге артады. Күн сайын Өскемен мен Семейден туристік аймаққа автобустар бұрынғыдай 8 емес, 16 бағыт бойынша қатынайтын болады, -


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу