KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Қатты аязға байланысты жол қозғалысына шектеу енгізіледі – ШҚО

16.01.2026, 18:30 160 Базарова Айгүл

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 16 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктер үшін республикалық маңызы бар жолдарда уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Шектеу 7 жол учаскесін қамтиды. Атап айтқанда:

«Өскемен – Семей» бағытының 10–103 шақырымы, (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);

«Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15–105 шақырымы, (Белоусовка кенті – Риддер қаласы);

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытының 7–450 шақырымы, (Ушановское ауылы – Рахман қайнары);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104–1212 шақырымы, (Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) және 1013–1062 шақырымы, (Абай облысының шекарасы – Алмасай ауылына бұрылыс);

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» – Қалжыр – Марқакөл бағытының 0–124 шақырымы, (Дайырово ауылына бұрылыс – Марқакөл ауылы), сондай-ақ 
– 1103–1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласына дейін);
– 1258–1321 шақырым аралығы (Зайсан қаласы – ҚХР шекарасындағы Майқапшағай бекетіне дейін).

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерді ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шықпауға, ресми ақпаратты қадағалап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу