Өңірде Nestle-нің кейбір өнімдерін кері қайтару себебі түсіндірілді
Облыстық Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы аумағында Nestle тарапынан балалар тағамының кей түрлерін ерікті түрде кері қайтару жағдайын кәсіпкерлерге түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында қатысушыларға өнімді кері қайтарудың себептері, ауқымы және алдағы іс-қимыл тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Аталған ингредиенттің өнім құрамындағы мөлшері өте төмен екені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тағам өнімдеріндегі церулид токсинінің құрамына қатысты нормативтік реттеу жоқ екені атап өтілді.
Соған қарамастан, компания өз өнімдерін кері қайтару туралы шешім қабылдады.
Кері қайтаруға өнімнің шектеулі ассортименті жатады, оның ішінде:
• құрғақ тез еритін сүтті, қышқыл сүтті және лактозасыз қоспалар;
• емдік және диеталық тамақтануға арналған аминқышқылдары негізіндегі құрғақ қоспалар.
Кері қайтарылатын нақты партиялардың тізімі nestlebaby.kz сайтында жарияланған. Қауіпті жағдай тек осы партияларға ғана қатысты. Мамандар Қазақстандағы аталған компанияның балаларға арналған өзге өнімдері сатылымда қалады және қауіпсіз екенін айтады.
Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова Палата өз кезегінде бизнесті ашық әрі уақтылы ақпараттандыру алаңы болғанын атап өтті.
Фото: ШҚ Кәсіпкерлер палатасы