KZ
Өскемен
-39°
туман жел 2 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Шығыс Қазақстанда ауа температурасы −56°С-қа дейін төмендеді

Кеше, 09:30 134 Базарова Айгүл

Бүгін, 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Шанағатты ауылында ауа температурасы −56 градусқа дейін төмендеді. Бұл соңғы жылдардағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz.

Мұндай экстремалды суық аймақтағы тұрғындар үшін үлкен сынақ екені белгілі. Қазіргі таңда ауылда тіршілік көзін қамтамасыз етіп отырған нысандардың үздіксіз қызметін ұйымдастыру, тұрғын үйлерді жылумен қамту және коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын сақтау басты назарда. Жергілікті атқарушы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға, жылы киінуге және балаларды далаға шығармауға шақырады. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілеріне алыс жолға шықпауды, техниканың аязға төзімділігін алдын ала тексеруді ескертеді.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері де өңірде аязды ауа райы сақталуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қадағалап отыру ұсынылады.

Естеріңізге болса, осыдан екі күн бұрын Алтай ауданының Парыгино ауылында ауа температурасы -50°С жеткен болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу