KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Прокуратура: "ШҚО-да 123 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды"

26.04.2021, 14:26 141

2021 жылдың 1-ші тоқсанында облыс прокуратурасының органдары прокурорлардың апелляциялық өтініштері негізінде азаматтық істер бойынша 11 шешімді өзгертіп, бұзған, деп хабарлайлы Алтайньюс тілшісі ШҚО Прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде 144 млн.теңгеден астам мемлекеттің шығынын алдын алды.

Атап айтқанда, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ЖШС пайдасына мемлекеттен 70 млн.теңге өндіру туралы бірінші сатыдағы сот шешімі бұзылды. ЖШС өзінің талап-арызын мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша шартта көзделген жұмыстар көлемінің ұлғаюын негіздеген, осыған байланысты жоғарыда көрсетілген соманы өндіріп алуды сұраған.

Сонымен қатар, көрсетілген қосымша жұмыстар бойынша бұрын шартқа өзгерістер енгізіліп, талапкер келіскен қосымша сома салынған болатын. Осындай жағдайларда шарт бойынша соманы қосымша ұлғайтуға негіз болмаған.

-  2020 жылы бірінші сатыдағы соттардың 29 шешіміне наразылық келтіру арқылы 1 млрд.911 мың теңгеге мемлекеттің мүдделері қорғалды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан заңнама талаптарын бұзу жағдайлары да назардан тыс қалмайды. Істерді сотта қарау барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 2020-2021 жылдары прокуратураның бастамасымен 123 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайлы ШҚО Прокуратура баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив