KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями Штиль
476.27 515.47 5.41

Өскемен әкімдігі журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылар арасында байқау жариялады

20.02.2021, 01:52 156

Өскеменде журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында "Елімнің бағы – Тәуелсіздік" атты шығармашылық конкурс өтеді.
Байқауға Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің қалыптасуы мен дамуына арналған материалдар қабылданады.
Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі:
1) Үздік теледидарлық жұмыс;
2) Үздік баспа басылымы;
3) Үздік интернет-мақала;
4) Үздік интернет-жарияланым / пост;
5) Үздік әлеуметтік ролик.
Басты талаптар:  тақырыпты ашудың өзектілігі мен тереңдігі, материалдың объективтілігі және толық болуы, тақырыпты ашудағы шеберлігі, айқын және айрықша болуы, азаматтық позициясы, жаңашылдығы.
Өтінімдер мен конкурстық құжаттар 2021 жылғы 20 маусымға дейін  Чехов көшесі, 33, 107 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады, анықтама телефоны 8/7232/265258.
Конкурс туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме бойынша алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/documents/details/133296?lang=kk

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив