2020 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер
2020 жылы туған сәбилерге көбіне қандай есім қойылғаны белгілі болды. Олардың арасында бізге баяғыдан белгілі есімдер де бар болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2020 жылы туған ер балаларға Әлихан есімі жиі қойылған. Мұндай 4577 жағдай кездескен.
Айта кету керек, Әлихан есімі 2014 жылы да қазақстандықтардың ең сүйікті есімдерінің көшінде тұрған.
Жиі қойылған есімдердің екіншісі - Айсұлтан. 3320 ата-ана ұлына осы есімді қойған.
Ал Нұрислам есімі үшінші орында тұр. Былтыр туған 2904 балаға осы есім берілген.
Әрі қарай тізімде Әмір - 2314 адам, Алдияр - 2308, Әлинұр - 2216, Әли - 2001, Рамазан - 1948, Арсен -1830, Санжар - 1815 бала бар.
Ал қыздар арасында ең танымал есім Медина болып шықты. 5403 қызға осы есім берілген. 4855 балаға Айлин, 4588 қызға Раяна деген ат қойылған.
Сондай-ақ 2020 жылы қыздарға қойылған сүйікті есімдердің арасында Айша - 4500 адам, Асылым - 4366, Айзере - 4293, Аяла - 4247, Айым - 3673, Томирис - 3293 және Айару деген 3252 қыз бар.