Өскеменде 2019 жылы ең көп қойылған есімдердің бірі - Хан
Өскеменде 11 айда 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
АХАЖ бөлімінің ақпаратына сәйкес, бұл жылы қыз балаларға ең көп қойылған есімдер: Томирис, Медина, Ясмин, Есения, Виктория және Асылым. Ал ұлдарға Хан, Ибрагим, Әміре, Хантөре, Богдан, Әмір, Михаил, Ярослав сынды есімдер жиі қойылған екен.
Сондай-ақ мамандардың айтуынша биыл туу көрсеткіші төмендеген. Мәселен Өскеменде 2017 жылы 6880 бала, 2018 жылы 6111 бала дүниеге келген екен. Ал осы жылдың 11 айында 5558 сәби өмір есігін ашқан.
Оқи отырыңыз