KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Адамның есімі мамандығына әсер ете ме?

31.03.2021, 10:44 588

Химия пәнінен сабақ беретін ұстаздың аты-жөні – Алма Төлегенқызы. Оның есімі мамандық таңдауына әсер етті ме? Бәлкім иә, бәлкім жоқ. Мұны ғылыми тілмен номинативті детерминизм деп түсіндіреді.

Номинативті детерминизм - өзімізді еске түсіретін заттарға тартылыс білдіретін тұжырымдаманың бөлігі. Дүниеге келген баласына ата-анасы ат қойғанда ұлы тұлғаға немесе танымал адамға ұқсасын деп ырымдап қояды. Өнербек есімді ұстаз ән сабағынан оқытса, Көркембек есімді мұғалім еңбек пәнінен сабақ береді. Сәйкестік пе?

Ағылшын ғалымы Пэлхем бұл тақырыпты 2002 жылдан бері зерттей бастаған. Оның зерттеуі бойынша Деннис немесе Дениз есімді адамдардың мамандығы негізінен тіс жөндейтін дәрігер болған. Мысалы Дениз есімінің аудармасы «дәрігер» деген мағынаны білдіреді.

Ұлыбританияда Лимб деген тегі бар адамдардың көбісі дәрігер болып шыққан. Өйткені бұл есімді қазақшаласақ хирург деген мағына береді екен. Сол секілді ағылшын ғалымдарының зерттеуі бойынша балалар дәрігері болып жұмыс істейтіндер арасында тегі Бойз, Гэл, Чайлд және Киндер деген есімдер жиі кездеседі. Бұлар да балақайларға қатысы бар есімдер болып келеді.

Пелхэмнің түсіндіруінше, адамның есімі оның еркіне ешқандай әсер етпейді, тек ойлау қабілетіне әсер етуі мүмкін. Қазақтың ат қою дәстүріне жүгінсек, қыз балаларға көбінесе Томирис деген есім беріп жатады. Ондағы мақсат – нәресте болашақта Сақ патшайымы сияқты батыр болып бойжетсін деген ниет. Ал ұл баланы Хақназар атап, хан сияқты әділ де қайырымды болсын деп ырымдайды. Бұл тұжырымның да өз шындығы бар. Себебі атына заты сай болу үшін қазақ халқы мәнді есім таңдаған. Адам өзінің есімін қалай қабылдаса, өмірі де солай қалыптасады. Ізгілікке, адалдыққа жол нұсқайтын есім балаға сенімділік береді. Сол үшін ұлы тұлғалардың есімін қойған дұрыс екенін айтады мамандар.

 

Әмина Марданманова,

№45 бейімделген орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив