KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

Қырғызстанда қарт ата-анасынан бас тартқан азаматтар түрмеге жабылуы мүмкін

Фото: egemen.kz

26.09.2023, 17:29 1 134

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің комитеті қария әке-шешесін асыраудан бас тартқан балаларға жазаны қатаңдату жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Кабар» агенттігінің дерегінше, құжаттың бастамашысы – депутат Тазабек Икрамов, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, заң жобасы еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж ата-анасын асыраудан бас тартқан еңбекке қабілетті, кәмелет жасына толған балаларға жазаны қатаңдату және мемлекеттік қызметтен шектеу мақсатында әзірленді.

Депутат атап өткендей, қазіргі заң балаларына жеткіліксіз көңіл бөлген ата-ананы жауапқа тартуға ғана мүмкіндік береді.

– Ал ата-анасын тастап кеткендерді жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет, - деп толықтырды ол.

Ата-анасына қамқор болудан (алимент төлеуден) бас тартқан балаларға айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

Заң жобасы жекелеген заң актілеріне – Қылмыстық кодекске, Отбасы кодексіне, «Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалды қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу