KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

«Металлург» саябағында скейт-парк пен картодром ашылуы мүмкін

26.04.2023, 19:17 209 Ләззат Қанатқызы

«Металлург» саябағын абаттандырудың екінші кезеңі басталып кетті. Қала әкімі демалыс орнына барып, жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Алдағы уақытта саябақта скейт-парк пен картодром пайда болу мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Демалыс орнына абаттандырудың бірінші кезеңі 2022 жылы аяқталған болатын. Биыл бірінші кезеңде басталған жол жөндеу жұмыстары жалғасып, асфальт, тақтатастар төселеді және орындықтар мен жарықтандыру тіректерін орнату көзделген.

– Мұндағы кәсіпкерлер де өз павильондарын ретке келтіруі керек. Барлығы саябақтың жаңа келбетіне сәйкес келгені дұрыс. Екінші кезеңде жоспарланып отырған жұмыстар шілде айында аяқталуы керек, – деп атап өтті қала әкімі.

Десе де, жұмыстары осымен толықтай аяқталмайды. Қала әкімінің айтуынша, абаттандыру жұмыстарының үшінші кезеңі де жоспарда бар көрінеді.

Мердігерлер қазірдің өзінде бірқатар ұсыныс білдірген. Ол кіреберістердің бірінен автокөлік тұрағын ұйымдастыруды, картодром салуды ұсынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив