Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар су айдындарын тексерді – Өскемен
Фото: egemen.kz
7 маусымда тәртіп сақшылары мен ТЖБ қызметкерлері Өскемен қаласындағы су айдындарын тексеріп, жағдайды бағамдады.
Мамандар ереже жазылған жаднама таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері мен қалалық ПБ Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері бірлесіп Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен КМК қазаншұңқырларының аумағында орналасқан су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің мұқият орындалуы бойынша профилактикалық рейд өткізді.
Мамандар жағалаудағы демалушыларға ҚР ӘҚБтК 413, 364-баптарын түсіндіріп, суға түсу ережелері жазылған жаднама таратты. Дерекке сүйенсек, осындай іс-шаралар жаз бойы тұрақты өткізіліп тұрады.