KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қандай шаралар атқарылды? – Өскемен

Фото: Шартты сурет

11.05.2023, 18:04 464

Өскемендік тәртіп сақшылары әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған бірқатар шараларды атқарып жатқан көрінеді. Өскемен қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Алена Мокина учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп профилактикалық іс-шараларды іске асырған. Мамандар осындай шараларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, халықты осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында үнемі өткізетінін жеткізді.

Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар әйелдерге құқықтық көмек, кеңес беріп, "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары "Үлбі" дағдарыс орталығының өкілдерімен бірлесе отырып адам көп жиналатын жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Олар зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі мен сенім телефонының нөмірлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу