Тиісті емес жолақпен жүрген велосипедшілерге айыппұл салынады
![](/kz/uploads/posts/2023-05/whatsapp-image-2023-05-29-at-18_00_45.webp)
Фото: Ашық дереккөзден алынды
ШҚО-да тәртіп сақшылары велосипед жолағы бола тұра көшедегі жаяу жүргіншілер жолағымен жүрген велосипедшілерге түсіндіру жүргізген.
Дерекке сүйенсек, полиция қызметкерлері қала көшелерін аралап, профилактикалық шаралар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар Ертіс жағалауындағы Ұлы Отан соғысы мемориал кешенінің аумағында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жүргендерді байқап, ескерту айтқан. Аталған аумақта арнайы велосипед жолағы бар, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Осылайша, велосипедшілер сол жердегі жаяу жүргіншілер мен демалушыларға қолайсыздық туғызды. Олар ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 24.2-тармағына сәйкес тек велосипед жолағымен жүруі тиіс. Тәртіп бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бапқа сәйкес 10 350 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған", делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз