KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
441.79 478.77 4.9

Өскемендегі көшелердің бірінде уақытша су мен жылу өшіріледі

Фото: inbusiness.kz

10.11.2023, 19:16 310 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Сәтбаев көшесінде ертең ыстық су мен жылу өшіріледі.

"Өскемен жылу желілері" АҚ таратқан мәліметке сүйенсек, 11 қараша күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Сәтбаев даңғылындағы 10 көппәтерлі үйлерде ыстық су мен жылу өшіріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құбырдан ақау шыққан. Сондықтан Сәтбаев даңғылы, 16 мекенжайы маңындағы жол учаскесі 10 қарашада сағат 12:00-ден 13 қараша 17:00-ге дейін жабық болады. Ондағы қазір жалпы ұзындығы 40 метр болатын жылу құбырларын ауыстырып жатыр, - делінген "Өскемен жылу желілері" АҚ хабарламасында.

Бұл жылу желісі 1983 жылы пайдалануға берілген. Сондан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Ақауды жою үшін төмендегі мекенжайларда су мен жылу өшіріледі:

Көппәтерлі тұрғын үйлер: Сәтбаев даңғылы, 8, 8/1, 8/2, 12/2, 12/3, 14/1, 14/2, 14/3, 16/1, 16/2

Заңды ғимаратар: Сәтбаев даңғылы, 8/3, 8/4, 12/А, 14/4, 16/1

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив