KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ел экономикасы қаңтар-ақпан айларында 4,3%-ға өскен

Фото: Шартты сурет

7.04.2023, 19:04 5 563

Ел экономикасында қаңтар-ақпан айларында өсім байқалған.
Қызмет көрсету саласындағы белсенділік 5%-ға өссе, нақты сектордағы көрсеткіш 2,7%-ды көрсеткен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Ел экономикасы қаңтар-ақпан айларында 4,3%-ға өскен. Бұл Ұлттық банк осы жылға белгілеген болжамдар бойынша 3,5-4,5% деңгейіне сәйкес келеді. 

– Нақты сектор 2,7%- ға, ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 5%-ға өсті. Биылғы ақпан айында тұтыну тауарларын өндіру көлемі едәуір артты. Құрылыс жұмыстарының құрылымында көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берудің артқаны байқалады. Ішкі сұраныс тұрақты. Бұл бөлшек тауар айналымының оң динамикасынан көрініп отыр, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, осы айлардың қорытындысы бойынша, бөлшек тауар айналымы нақты мәнде 12,9%-ға артты. Бұған автомобиль, электрлік тұрмыс техникасы, азық-түлік өнімдері және киім-кешек саудасы да әсер еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу