KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанның ЕАЭО-мен сауда айналымы азайып келеді

15.05.2019, 09:59 189

2019 жылғы қаңтар мен наурыз айлары аралығындағы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 4 446,8 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сенсек, өткен жылғы қаңтар мен наурыз айлары аралығындағы кезеңмен салыстырғанда тауар айналымының көлемі 0,3 пайызға кеміген. Оның ішінде экспорт мөлшері 1 344,5 миллион долларды (4,8 пайызға азайды), ал импорт – 3 102,3 миллион долларды (1,7 пайызға өсті) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінің 92,8 пайызы Ресей Федерациясына, төрт пайызы Қырғызстанға, 3,1 пайызы Беларусьқа және 0,1 пайызы Арменияға тиесілі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу