KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Биыл астық құны қалай өзгереді?

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 16:21 151

«Қазақстанның астық одағы» биылғы бидай бағасына болжам жасады.

Одақ ішкі нарықтағы астықтың 1 тоннасына қосылған құн салығын есептегенде 85-95 мың теңге болады деп болжаған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Астық одағы ретінде ішкі нарықтағы астықтың 1 тоннасына қосылған құн салығын есептегенде 85-95 мың теңге болады деп күтіп отырмыз. Бұл өте маңызды, – деді «Қазақстанның астық одағы» сауда комитетінің басшысы Александр Малов БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, бұл баға нарық қатысушыларының бәрінің көңілінен шықпауы мүмкін.

– Бұл баға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәрін бірдей қанағаттандырмауы мүмкін. Өйткені өзіндік құны мен өндіріс көлеміне қарау қажет. Бірақ бұл ұн мен нанның ішкі нарықтағы бағасын қалыптастыру тұрғысында Үкіметіміздің көңілінен шығатын болады. Сондықтан да жоғары баға күту өте қиын болар. Төмен де түспеуі тиіс. Өйткені қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзіндік құны шегінде тұрмыз. Сол себепті өндірушілердің төңірегіне барынша шоғырланып, олардың осы маусымда барынша жақсы баға белгілеуіне мүмкіндік беру қажет, – деді ол.
                            


                        

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу