Қазақстанда нан қымбаттайтын болды
Қазақстанда нан қымбаттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik-ке сілтеме жасап.
– Нан бағасы туралы айтар болсақ, меніңше 4-5 теңгеге өседі, – деді Омаров.
Сапархан Омаровтың айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі нан бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін, «Азық-түлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, тұрақтандыру қорларынан астық сатып алады. Сондай-ақ министр мәлім еткендей, жергілікті атқарушы органдар тұрақтандыру қорларынан астық пен ұн сатып ала бастайды.
Осы орайда айта кетейік, жыл сайын ішкі нарықты тұрақтандыру үшін ақпан айынан шілде айына дейін комбинаттар арасында 150-250 мың тонна астық сатылады. Ал 2019 жылы нан бағасының өсуіне жол бермеу үшін ішкі нарықта 150 мың тонна астық сатылды.