KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Қыркүйекке қарай астық экспорты рекордтық деңгейге жетеді

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 15:27 220

Еліміз 2022/2023 маркетинг жылында астықтың рекордтық көлемін экспортқа шығарады.

Бұл туралы «Қазақстанның астық одағы» Сауда комитетінің басшысы Александр Малов айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Осы маркетинг жылын (2022/2023 жылдары) позитивті нотада аяқтаймыз. 1 қыркүйекке қарай экспорт көлемі 11 млн тоннаға дейін жетеді. Бұл соңғы 10 жылдағы айтарлықтай рекордтық экспорт саналады, деді Александр Малов БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, аталған кезеңде Қазақстан темір жолы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және нарық қатысушылары тарапынан өте ауқымды жұмыс еңсерілді.

– Нарықтың өзі де қандай да бір реттеу, шектеу іс-шараларының болмауының арқасында аталған көрсеткішке шығып отыр. Бұған қоса, Ресейден мол импорттың болғанына да назар аудартқым келеді. Өткен жылы рекордтық өнім жиналды. Бұл ретте біз қандай да бір реттеуші іс-шаралары болмағандықтан тапсырманы орындай алдық,  деді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу