KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мереке күні жедел жәрдем 23 мыңнан астам шақыртуға шыққан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

10.03.2024, 09:00 158 Назерке Каримова

Бұл бүкіл ел бойынша бір күндегі статистика.

Мереке күні жедел жәрдем бригадалары барлық өңірлерде 23 мыңнан астам жедел шақыртуларға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, шақыртулардың көбі Алматы қаласында, Түркістан, Алматы облыстарында және республиканың астанасында тіркелді.

- Төтенше жағдайлар құрылымында аурулардан басқа, үйде босану, жол-көлік оқиғалары, өрт, улану және көп қабатты үйлердегі құлау кезінде алғашқы көмек көрсетілді, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Ұлттық шұғыл медицина орталығының санитариялық авиациясы күштерімен Семей-Үржар бағыты бойынша құрамында реаниматолог пен фельдшер, ал Шымкенттен Шардараға құрамында комбустиолог пен реаниматолог бар 2 ұшу жүзеге асырылды. Барлық науқастарға облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу