KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да қанша мобильді жедел жәрдем бригадасы бар?

19.11.2020, 15:29 847

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 404 мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, медицина қызметкерлері үйді-үйге барып, тексеру жүргізеді және ПТР тестілеу жүргізу үшін биологиялық материал алып, дәрілік препараттардың берілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пациент толық сауығып кеткенге дейін оның жай-күйін бақылауда ұстайды.

– Сонымен қатар ауыр халдегі науқастарға жедел көмек көрсету үшін құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист және пульмонолог мамандары бар көшпелі бригадалар жұмыс істейді, – деп жазылған облыс әкімдігінің ақпаратында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу